Алматы полициясы 38 мопедті айыппұл тұрағына қойды

Алматы полициясы 38 мопедті айыппұл тұрағына қойды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы көктем, жаз мезгілдерінде жалпы қаладағы жол-көлік оқиғаларының жағдайына әсер ететін жекелеген көлік түрлерінің қозғалысын қадағалауды күшейтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Тәжірибеде мотоциклдер мен мопедтердің иелері тікелей ағынды қондырғыларды пайдаланатын деректер көптеп кездеседі, бұл әсіресе түнгі уақытта азаматтардың тыныштығына әсер етеді және олар рұқсат етілмеген жарыстарды, сондай-ақ маневр жасау және жылдамдықты шектеу ережелерін өрескел бұза отырып, ұйымдаспаған топтық қозғалыстарды ұйымдастырады. Бұл қала тұрғындары мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың орынды сыны мен шағымдарын тудырады. Осыған байланысты Алматы полициясы баламалы көлік түрлерін жүргізетін адамдардың құқық бұзушылықтарын анықтау жұмыстарын күшейтті. Жергілікті рейдтер жүргізіліп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Серік Шумаев.

Рейд барысында патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальонның жеке құрамы қала жолдарында 168 құқық бұзушылықты анықтап, 13 мас жүргізушіні ұстады.