«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да апат болды

«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да апат болды
Сурет: Golosameriki.com

Бір адам көз жұмды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде апат болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер көз жұмды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталуда», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 28 қарашада «АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды. Сонымен қатар 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды.