Алматы полицейлері 48 жастағы тұрғыннан 2,5 келіден астам гашиш тәркіледі

Алматы полицейлері 48 жастағы тұрғыннан 2,5 келіден астам гашиш тәркіледі
Сурет: Polisia.kz

Тергеу жүріп жатыр.

Алматы полициясы гашиштің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Жамбыл облысынан есірткі жеткізу арнасы жойылды. Арнайы іс-шараны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген. 48 жастағы Т.есімді азамат ұсталды, оны жеке тінту барысында ішінде ерекше иісі шығып тұрған жасыл түсті ұнтақ заты бар сөмке табылып, тәркіленді. Ол – гашиш есірткісі болып шықты. Бұл арнайы сараптамадан кейін анықталды. Ал күдіктінің тұрғылықты жерінен "Бүркіт" қызметтік ізкесуші иті осыған ұқсас зат салынған 19 буманы тапты. Тәркіленген шөптің жалпы салмағы 2 келі 609 граммды құрады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297 бабы 3 бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта тергеу есірткі заттарын сату арнасына тағы кімдердің қатысы барын анықталып жатыр.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.