Түркияда қазақ оқушысының ертегі кітабы таныстырылды

Түркияда қазақ оқушысының ертегі кітабы таныстырылды
Сурет: видеодан алынды

8-сынып оқушысы Дінмұхаммед Нұрғалиұлының ертегілер кітабы түркиялық оқушыларға таныстырылды.

БҰҰ арнайы жүлдесін жеңіп алған «Тақиялы құс» ертегісі түрік тіліне аударылып, Ыстамбұлдағы Абай атындағы мектептің оқушыларына таратылды. Ертегіде екі құстың басынан кешкен қызықты оқиғалар арқылы жеңіл тілмен балаларға әлемдік экология мәселесі түсіндіріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ыстамбұлдағы бас консулдықтың ұйымдастыруымен өткен бұл кештің мақсаты - бауырлас екі елдің оқушыларын кітап арқылы жақындастыру. Оқушылармен кездесіп, сұрақтарына жауап берген жас автор жиын соңында балаларға қолтаңба үлестіріп, суретке түсті.

«Бұл кітапты жазудағы мақсат Арал теңізі мәселесін көтеру және табиғатты қорғау туралы. Басқа да қызықты кітаптарды оқуға сілтеме жасау. Осы кітапты таныту үшін аудардық. Оқушылар жақсы қарсы алды ұнатты. Бәріне ұнады», - дейді кітап авторы Дінмұхаммед Нұрғалиұлы.