Алматы облысындағы үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Алматы облысындағы үздік медицина қызметкерлері марапатталды
Сурет: Gov.kz

Кей мамандарға ақшалай сертификат берілді.

Алматы облысында аурудың алдын алуға және медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге бар жағдай жасалып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы өткен шара барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Мекемелердің жабдықталуы - 91%. Биыл қосымша 106 бірлік арнайы жабдықтар сатып алынатын болады. 

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған міндеттеріне сәйкес аурудың алдын алуға, медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге бар жағдай жасалып келеді. Ғимараттар жаңартылып, материалдық-техникалық база нығайтылды. Жылдан жылға осы салаға бөлінетін қаржы көлемі де артып келеді. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 4,4 млрд. теңгеден асты.   Денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті мамандармен қамтуға да зор көңіл бөлінеді. Облыстың медициналық мекемелеріне соңғы үш жылда 354 дәрігер маман жұмысқа қабылданды. Қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен толық көлемде қамту және дәрігерлер біліктілігінің арқасында індеттің беті қайтып, барлық сала қалыпты өмірге оралды. Антына адалдық танытып, күн сайын ерлікке тең іс атқарып жүрген сіздердің әрқайсыларыңыз құрметке лайықсыздар», - деді Қонаев қаласында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.