Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді
Сурет: ашық дереккөз

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 11 қазан күні 11 сағат 27 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 249 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап. 

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ.

«Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарға, полиция басқармасына, «Қазселденқорғау» мекемесіне, прокуратураға және өзге де ұйымдарға хабарлады, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ»,-деп атап өтті департаменттен.