Алматы облысында үш есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында үш есірткі зертханасы жойылды
Сурет: Polisia.kz

Тінту кезінде пайдалануға дайын 130 кг астам есірткі тәркіленді.

ІІО қызметкерлері Алматы облысындағы үш жасырын есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның екеуі фитолаборатория болып шықты.

«Тінту шаралары барысында пайдалануға дайын 130 кг астам есірткі тәркіленді. Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін төрт адам ұсталды, оның екеуі таяу шетел азаматтары. Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Жалпы жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылды, 400-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оларды жасағаны үшін 160 адам ұсталды, оның 10-ы шетелдік.