Алматы облысында су тасқыны болды

Алматы облысында су тасқыны болды
Сурет: Катонқарағай ауданы әкімінің жеке парақшасы

Жол қозғалысына шектеулер жоқ.

21 наурыз күні сағат 21:00 шамасында күннің жылынуы мен қардың тез еру салдарынан Кеген-Нарынкөл тас жолының 60 км (40 м) және 72 км (40 м) (Қайнар және Текес ауылы, Райымбек ауданы, IV санат) жол бөлігінде су тасқыны орын алды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz “ҚазАвтоЖол” ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жалпы су ағынының ұзындығы 80 м, ал биіктігі 10 см құрады. 

“Көрсетілген учаскеге диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орнатылды. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда еріген суды ағызу, уақытша жол белгілерін орнату және жол бөлігін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол тәулік бойы бақылауға алынды. Жол қозғалысына шектеулер жоқ”, - делінген компания таратқан хабарламада.