Алматы облысында Ұлттық гвардияның сарбазы қаза болды

Алматы облысында Ұлттық гвардияның сарбазы қаза болды
Сурет: Еgemen.kz

Қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Алматы облысының 5571 әскери бөлімінің әскери жауынгері қатты дауыл кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2003 жылы туған А.Н.Шахимов Қонаев қаласының ауруханасында қайтыс болды. Әскерге 2022 жылдың көктемінде Ақмола облысы Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті арқылы шақырылған.

«5571 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жедел мақсаттағы 1-батальонның жеке құрамы 8-13 тамыз аралығында 5574 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында далалық шығуда болды. 9 тамызда сағат 20.55 шамасында қатты дауыл басталып, жел соғып, тігілген шатырлар қирай бастады. Қатардағы жауынгер А. Н.Шахимов өз әріптестеріне қауіпсіз жерге эвакуациялауға көмектесіп жүрген. Сол кезде шатырдың металл жақтауына басын соғып, жарақат алды», - деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.