Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзған 6 шетелдік анықталды

Алматы облысында  көші-қон заңнамасын бұзған 6 шетелдік анықталды
Сурет: Polisia.kz

Түрген ауылындағы жеке компаниялардың бірінің аумағынан 6 шетел азаматы анықталды.

Олар Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері көші-қон полициясы басқармасымен бірлесіп “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Тексеру барысында аталған адамдардың тиісті рұқсат құжаттарынсыз қызметін жүзеге асырғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұсталған адамдар тиісті тексерулер жүргізу үшін қабылдағыш бөлушіге қамалды», – деді Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Еселбаев.

Сонымен қатар жұмыс берушілер заңнамада белгіленген шеңберде жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары шетелдіктерді елден шығару туралы шешім қабылдау үшін сотқа берілді.