Алматы облысында 10 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті

Алматы облысында 10 оқушы астан уланып, ауруханаға түсті
Сурет: Ашық дереккөз

7 баланың жағдайы тұрақты

Алматы облысында 10 оқушы астан уланып ауруханаға түсті,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«19 мамыр күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына 10 оқушы астан уланып түсті.

Олар - Байтерек ауылындағы мектептің 5-ші сынып оқушылары. Балаларға барлық медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден өтті.

7 баланың жағдайы тұрақты, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ал қалған 3 оқушы инфекциялық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты», - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.