Алматы облысынан медициналық пойыз жолға шықты

Алматы облысынан медициналық пойыз жолға шықты
Сурет: Еgemen.kz

Пойыз 20 маусым мен 2 қараша аралығында еліміздің 67 шалғай станциясына барады.

Бүгін «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Алматы облысының Байсерке станциясынан жолға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Медициналық пойыз Жетісу облысына барып, шалғай станциялар мен разъездерде тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Маршрут келесі облыс аумақтары арқылы өтеді: Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстары, сондай-ақ үш жаңа өңір – Жетісу, Абай және Ұлытау.