Алматы мен Қаскелең арасында жаңа автобус бағыты жүре бастады

Алматы мен Қаскелең арасында жаңа автобус бағыты жүре бастады
сурет: alataunews.kz

Қозғалыс аралығы 13-15 минут.

Алматы мен Қаскелең арасында жаңа №230 автобус жүре бастады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Енді жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары оңтүстік мегаполиске қоғамдық көлікпен қатынайтын болады. Қозғалыс аралығы 13-15 минут. Бұл бағыттағы автобустар "Ақсай-1" ықшамауданындағы аялдамадан қозғала бастайды, одан әрі Төле би көшесімен Момышұлына қарай жүреді, одан кейін Райымбек даңғылына бұрылады.

Райымбек даңғылының бойымен Алматы-Бішкек тас жолына түсіп, маршрут Қаскелеңге бұрылғанға дейін жүреді. Онда Абылай хан көшесінің бойындағы автобустар қаладан шыға берістегі айналма жолға жетеді. Бұрылыстан кейін бағыт Қарасай батыр көшесінің бойымен қарсы бағытта жүреді.

Маршрут таңғы 6-да басталып, 23.00-де аяқталады. Екі бағытта да автобус 50 шақырымға жуық жол жүреді.

Айта кетейік, өңірдегі қоғамдық көлік мәселесін реттеуді Президент былтыр облысқа жасаған жұмыс сапарында тапсырған еді.