«Алматы марафонда» жаңа рекорд тіркелді

«Алматы марафонда» жаңа рекорд тіркелді
Сурет: Almatymarathon

Бұл туралы шара ұйымдастырушылары Instagram-парақшаларында хабарлады.

«Алматы марафонда» жаңа рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Достар, жаңа рекорд. Шедрак Коеч Алматы марафонында 42 шақырымда жаңа жол рекордын орнатты: 02:21:27. Жаңа рекорд үшін, жеңімпаз 100 000 теңге көлемінде бонустық ақшалай сыйлық алды. Біз барлық мәрешілерді құттықтаймыз, жеңімпазды жаңа жол рекордымен, ал сіздерге қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше, 25 қыркүйекте Алматыда «Алматы марафон» өткен болатын. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жолы марафонға 12 мың адам қатысқан.