Алматыда АҚШ доллары 484 теңгеге сатылып жатыр

Алматыда АҚШ доллары 484 теңгеге сатылып жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Доллар бағамы 2,48 теңгеге төмендеді.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,48 теңгеге төмендеп, 1 доллар 477, 37 теңге болды. Ұлттық банктің 26 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 479, 42 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 480 теңге, сатып алу – 484 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңгеден болса, сатып алу – 479. Ресей рублі 7,35- 7,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 26 қыркүйек күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 8,21 теңге болды.