2030 жылға қарай жұмыс күшіндегі жастардың үлесі артады

2030 жылға қарай жұмыс күшіндегі жастардың үлесі артады Сурет: Inform.kz

100 мыңнан астам жұмыс орындары ашылатын болады.


Қазақстан Үкіметі 2030 жылға қарай жұмыс күшіндегі жастар үлесін 60 пайызға жеткізуді көдеп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Тамара Дүйсенова сөз басында Мемлекет басшысы өз Жолдауында жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек ресурстарының сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өтті.



«Жыл сайын республика бойынша 300 мыңнан астам жас адам еңбекке қабілетті жасқа жетіп, еңбек нарығына шығады. 2030 жылға қарай жұмыс күшіндегі жастар үлесі 60 пайызға жетеді деп күтілуде»,- делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және жеке бастамалар аясындағы жобалар бойынша жыл сайын жастар үшін мемлекет тарапынан субсидияланатын 100 мыңнан астам жұмыс орындары ашылатын болады.



«Жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту кеңейеді. Жыл сайын 40 мың түлек жастар тәжірибесіне қатысады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысушылар үшін жастар тәжірибесінің бөлігі ретінде төленетін тиісті төлемдерге тең болатындай қосымша жәрдемақы белгіленеді. «Алғашқы жұмыс» жобасы ҰБТ тапсыра алмаған немесе оқуын жалғастырмаған мектеп түлектеріне арналып, қайта бағытталатын болады», - деді Тамара Дүйсенова.



Еңбек және халықты әлеуеметтік қорғау министрі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік агрокредиттік корпорациямен бірлесіп, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие берудің тетіктері мен параметрлерін әзірлеп жатқанын қосымша айтып өтті. Жыл сайын бұл қолдауды 6 мыңға дейін жас пайдаланады. Бұл мақсаттарға бюджетте қарастырылған сома жыл сайын шамамен 30 миллиард теңгені құрайды.


Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы жастарға бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жыл сайын 1,2 миллион теңгеден астам сомаға 9 мың қайтарымсыз гранттар берілетін болады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19