«Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас» тасжолын су шайып кете жаздады

«Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас» тасжолын су шайып кете жаздады
Сурет: Ашық дереккөз

Қазір еріген қар суы көпірдің астымен өтуде

Жол мамандары құмнан бөгет жасап, еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде республикалық автожолдың екі жерде шайылып кету қаупін алдын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторына сілтеме жасап.

Оператордың хабарлауынша, қалыптасқан жағдай «Алматы – Көкпек – Көктал – Қорғас» тасжолының 139 және 142 шақырымдарына қатысты болып отыр. Қазір еріген қар суы көпірдің астымен өтуде.

Еріген қар суы күннің жылынып, тау бөктеріндегі қардың тез еруіне байланысты пайда болды.

«Қазір жағдай тұрақты. Учаскелерде арнайы техника жұмыс істеп жатыр, қажет жол белгілері орнатылды. Жол қозғалысына енгізілген шектеулер жоқ. Тасжол тәулік бойы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының ерекше бақылауында болады», - делінген хабарламада.