Алматы қаласының Медеу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге ыстық судан өшіріледі

 Алматы қаласының Медеу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге ыстық судан өшіріледі
Сурет: Egemen.kz

2023 жылғы 4 тамызда сағат 09.00- ден 20.00- ге дейін Медеу ауданының аумағында Сәтбаев – Достық-Тайманов-Назарбаев көшелерінің контурында, сондай-ақ Самал-1, Самал-2 және Самал-3 ықшам аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға ыстық су болмайды, деп хабаралйды Almaty-akshamy.kz.

«Жылу желілерін қайта құрылымдау кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - дейді «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.