Алматы қаласының Білім басқармасы қосымша білім беретін ұйымдар басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды

Алматы қаласының Білім басқармасы қосымша білім беретін ұйымдар басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды
сурет:sputnik.kz

«Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдар МКҚК) басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

 1. Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 3 С.Прокофьева атындағы балалар музыкалық мектебі» МКҚК басшысы.

Заңды мекен жайы: Алматы қ., Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 140 үй.

Қызмет түрі: Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет.

 

  1. Алматы қаласы Білім басқармасы «М.Төлебаев атындағы № 5 балалар музыкалық мектебі» МКҚК басшысы.

Заңды мекен жайы: Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 54 А үй.

Қызмет түрі: Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет.

 

  1. Алматы қаласы Білім басқармасы «Құрманғазы атындағы № 7 балалар музыкалық мектебі» МКҚК басшысы.

Заңды мекен жайы: Алматы қ., Әуезов ауданы, 5 ықшамауданы, 59 үй.

Қызмет түрі: Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет.

 

  1. Алматы қаласы Білім басқармасы «Е.Брусиловский атындағы № 9 балалар музыкалық мектебі» МКҚК басшысы.

Заңды мекен жайы: Алматы қ., Түрксіб ауданы, Приозерная көшесі, 1 А.

Қызмет түрі: Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет.

 

  1. Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 10 балалар музыкалық мектебі» МКҚК басшысы.

Заңды мекен жайы: Алматы қ., Алмалы ауданы, Клочкова көшесі, 49 гүй.

Қызмет түрі: Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет.

 

  1. Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 3 Оқушылар үйі» МКҚК басшысы.

Заңды мекен жайы: Алматы қ., Бостандық ауданы, Вахтангов көшесі, 2Б үй.

Қызмет түрі: Мәдениет саласындағы білім беру.

 

  1. Алматы қаласы Білім басқармасы «№ 2 Оқушылар үйі» МКҚК басшысы.

Заңды мекен жайы: Алматы қ., Алмалы ауданы, Жамбыл көшесі, 170 А үй.

Қызмет түрі: Мәдениет саласындағы білім беру.

 

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты – 202 808 теңгеден 245 988 теңгеге дейін.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

 

     тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;

     немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;

      осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

 

Лауазымдық міндеттері:

 

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады;
  • мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
  • басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды;
  • қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды;
  • білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
  • білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды;
  • балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
  • педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
  • білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады;
  • басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады;
  • педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
  • оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
  • педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
  • жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді;
  • есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

 

Білуге тиіс:     

 

 

Конкурс «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, ҚР Білім және ғылым министрінің              2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының негізінде өткізіледі.

 

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.

 

Конкурсты өткізу орны: «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, Алматы қаласы, Абылайхан д-ы, 74А мекенжайында.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) және Алматы қаласы Білім басқармамсының «edualmaty.kz» сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

          «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

  • осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
  • кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
  • білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • біліктілік тестілеу сертификаты;
  • Блім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
  • түйіндеме.

 

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Алматы қаласы, Абылайхан д-ы, 74А, Алматы қаласы Білім басқармасы, электронды пошта: service.ok.90@mail.ru.

.

     Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.

 

2023 жылғы 22 ақпанда (уақыты қосымша хабарланады) Аймақтық тестілеу орталығында, мекен-жайы: Алматы қаласы Аль-Фараби көшесі, 71/22 үйде заңнаманы, басқарушылық құзыреттерді, педагогика және психология негіздерін білуге арналған біліктілік тестілеуі өткізіледі.

 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында жарияланады.

Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап                           3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында онлайн режимде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

 

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: +77718463932. Элекрондық адрес: service.ok.90@mail.ru.