«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны қаланы қоқыстан тазартуға көмектеседі - қазақстандық жұлдыздар

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны қаланы қоқыстан тазартуға көмектеседі - қазақстандық жұлдыздар
Сурет: әлеуметтік парақшасынан

Музыкант Тұрар Ыдырыс, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев, Кешью тобы, МузАрт тобының мүшесі Кенжебек Тұрсынбайұлы 8 сәуірден бастап қалада өткізіліп келе жатқан «Алматы – біздің ортақ үйіміз» эконауқанының аясында бірігіп отыр. Олар қала тұрғындарын қалыс қалмауға, белсенді қатысуға шақырды. Бұл туралы әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында роликтер мен жазбалар жариялады.

https://www.instagram.com/stories/turar__ydyrys/3341672766120601810?utm_source=ig_story_item_share&igsh=c245M25vaGUwd2Vh  

«Бүгін Арбатты аралап келе жатып қоқыстың шашылып жатқанын көрдім. Оны бізден жасы үлкен коммуналдық қызметкерлер жинап жүр. Біз көппіз, ал қала жалғыз. Баршаңызды бір айға созылатын «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына қосылуға шақырамын. Мен қатысамын, сіздер де атсалысыңыздар!», - деді Тұрар Ыдырыс. 

https://www.instagram.com/reel/C5f_QrftV04/?igsh=MW10aHc3amdpcHo0dQ==  

Кенжебек Тұрсынбайұлы да мегаполис тұрғындарын қоғамдық орындарды, тротуарлар мен аялдамаларды тазалайтын қызметкерлерді елемей қоя салмауға және еңбегін бағалауға шақырды. https://www.instagram.com/stories/keshyou_official/3341729793829337758?utm_source=ig_story_item_share&igsh=M3JmdnFyYjQzNXVr   

«Қоршаған ортаның тазалығы мен тәртібі бірінші кезекте қоғамға, мәдениетімізге және содан кейін жұмысшыларға байланысты», - деді ол.

https://www.instagram.com/p/C5gDyHoK03l/?igsh=MTh0eTFzMWt5YW00eQ  

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады. Барлық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.

Барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлерге, постерлерге, афишаларға арнайы QR-код бойынша кіруге болады.