Алматы-Бішкек тас жолы бойында ірі жол апаты орын алды

Алматы-Бішкек тас жолы бойында ірі жол апаты орын алды
Сурет: Zakon.kz

Апаттан зардап шеккендердің бар-жоғы белгісіз

Алматы облысында ірі жол апаты орын алды. Көлік сататын "Барыс" базары алдында екі жүк көлігі соқтығысып, талқандалып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы – Бішкек тас жолындағы ауыр жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. 

Оқиға орнында болған куәгерлер манипулятор жүк көлігі солға бұрылып, ұсақ тас тиеген басқа жүк көлігімен қабаттасса сығылысып кеткенін, соққы қатты болғанын, кабина мен кабина соқтығысқанын айтты.

Куәгерлердің айтуынша, соқтығысу салдарынан қиыршық тас тиеген жүк көлігі алдыңғы белдеме темірі жұлынып кеткен, ал екіншісі кабинасынан айырылды. 

Соқтығысқаннан кейін жүк көліктері жол жиегіне қарай ұшып, "Барыс" базарының маңында тұрған төрт көлікті іліп кеткен.  

Апаттан зардап шеккендердің бар-жоғы белгісіз.