Алматы бағдаршамдарын жасанды интеллект басқарады

Алматы бағдаршамдарын жасанды интеллект басқарады
Сурет: liter.kz

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғыны бағдаршамдарға қатысты ұсыныс айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  

- Білесіздер ғой, Алматыда таңертең барлығы орталыққа, ал кешке қала сыртына қарай жүреді. Сондықтан бағдаршамдарды саралау арқылы басқаруды ұсынамын. Таңертең көбірек қалаға қарай бағыттап және кешке керісінше. Жалпы, бағдаршам жұмысын реттеу туралы идеялар көп, – деді Әуезов ауданының тұрғыны.

Сонымен қатар қала басшысы алдағы уақытта бағдаршамдар жасанды интеллект арқылы басқарылатынын айтты.

- Қала бір орында тұрған жоқ. Біз қазір екінші сатысына келдік. Жыл соңына дейін айқындаймыз деп ойлаймын. Бұл - жасанды интеллектіні қолдану мәселесі. Мұндай тәжірибе көптеген жерде бар. Яғни, қарбалас уақытта бағдаршамдар жасанды интеллектпен басқарылады. Қазір сіздің жобаңызды да қарастырайық, осында отырған менің орынбасарым Асқар Әмринге жолығыңыз, – деді Ерболат Досаев.