Алматы ауасы лас қалалар тізімінде тұр

Алматы ауасы лас қалалар тізімінде тұр
Сурет: Inform.kz

Бұл тізімде  Астана, Қарағанды, Өскемен, Теміртау, Жезқазған да бар.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2019-2023 жылдарда ауасы ең көп ластанған қалаларды атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Кейінгі 5 жылда (2019-2023 ж.ж.) атмосфералық ауаның ластануының тұрақты жоғары деңгейі Қарағанды, Алматы, Астана, Өскемен, Теміртау, Жезқазған қалаларында байқалады", - деп жазылған ресми мәліметте.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" мамандары аталған қалалардың ауасы қандай улы заттармен жиі ластанатынын атап көрсеткен.

"Негізгі ластаушы заттар:

Қарағанды қаласында – РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, көміртегі оксиді, күкірт сутегі;

Алматы қаласында – қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді.

Астана қаласында – қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді.

Өскемен қаласы – күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт сутегі;

Теміртау қаласы – көміртегі оксиді, азот диоксиді;

Жезқазған қаласы – күкірт сутегі, фенол", - деп жазылған ақпарат бюллетенінде.