Алматы академиясында жас қызметкерлер ант қабылдады

Алматы академиясында жас қызметкерлер ант қабылдады
Сурет: Polisia.kz

ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында қызметке жаңа тағайындалған жас қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларын қатаң сақтауға, өз лауазымдық қызметтерін адал атқаруға салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жас қызметкерлер алдында сөз сөйлеген Алматы академиясының бастығы А.Сайтбеков жас қызметкерлерді өмірлеріндегі ерекше есте қалар оқиға – ант қабылдауларымен құттықтап, Қазақстан полициясының мәртебесін арттыруға өздерінің үлгілі қызметтерімен аянбай үлес қосатындарына сенім білдірді.

«Сіздер Отан алдындағы жауапкершіліктеріңізді түсініп, елге адал қызмет ету үшін бүгін ант қабылдадыңыздар. Ендігі парыздарыңыз – Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы мен ұлтымыздың мәртебесі үшін аянбай тер төгіп, еңбек ету. Антқа адал болып, ішкі істер органдары үшін білікті кадрлар даярлайтын Алматы академиясының беделін арттыруға ат салысады деп сенемін», – деді А.Сайтбеков.

Ант қабылдау салтанатынан кейін Алматы академиясы жеке құрамының жазғы киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық байқау өткізілді.