Алматы академиясына курсанттарды іріктеу аяқталды

Алматы академиясына  курсанттарды іріктеу аяқталды
Сурет: Polisia.kz

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына бакалавр бағдарламасы бойынша курсанттарды іріктеу аяқталды.

Оқуға түскен курсанттардың аты-жөндері салтанатты рәсімде ресми түрде айтылды. Полицейлік академияға ең үздіктер іріктелді. 300 талапкер ғана қатаң іріктеуден кейін альма-матрге оқуға түсті. Ішкі істер министрінің бастамасымен биыл академияға оқуға түсу процедурасы жаңа форматта өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

“Алтын белгі” иегерлері, ҰБТ-дан жоғары балл алған түлектер, спорт шеберлері, қызметте ерлікпен қаза тапқан полицейлердің балалалары академияға автоматты түрде оқуға түсті. Сонымен қатар науқанның басталған сәтінен бастап, аяғына дейін талапкерлердің ата-аналары, қоғам өкілдері, блогерлер қатысты. Конкурстар барынша ашық өткізілді. Талапкерлер мен олардың ата-аналары, жақындары мен қонақтардың алдында сөз сөйлеген Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков жаңа курсанттарды құттықтап, бүгін Қазақстан полициясының қатарына ең лайықтылардың қабылданғанын айтты. Сондай-ақ жаңа эксперименталды формат аясында процеске қоғам өкілдері мен ата-аналардың қатысуы – өз маңыздылығы мен тиімділігін, ашықтығын көрсеткенін атап өтті.

«Академия қызметкерлері әрбіріңіздің нағыз кәсіби маман, міндетіне адал, антына берік лайықты азамат атануларыңызға бар күш-жігерлерін салады. Баршаңызға ақ жол тілеймін», – деді Айдар Сайтбеков.