Алматы әуежайында халықаралық іздеуде жүрген ҚХР азаматтары ұсталды

Алматы әуежайында халықаралық іздеуде жүрген ҚХР азаматтары ұсталды
Сурет: ҚР ПД баспасөз қызметі
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы қаласының халықаралық әуежайында халықаралық іздеуде жүрген ҚХР азаматтарын ұстады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

ПД мәліметінше, ұсталғандардың бірі Қытайдың құқық қорғау органдарымен іздестірілген. Ол Харбин қаласы Даоли ауданының базарында 100-ден астам сатушыдан ақша бопсалаған.

"Күдікті Вьетнамнан шығып, Қазақстанға Катар арқылы кірмек болған. Ал екінші ер адамды Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары Эр-Рияд қаласындағы әйгілі дүкендерден аса ірі мөлшерде зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуге жариялаған. Келтірілген шығын 200 мың АҚШ долларынан асады.",- делінген ведомства хабарламасында.

Қазіргі таңда қылмыскерлер қамауға алынды, оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.