Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша үкім шықты

Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша үкім шықты
Сурет: Ulysmedia.kz

Сотталушыларды қолдауға жиналғандардың қарасы қалың.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша айыпталушыларға үкім оқылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, Әйгерім Тілеужанды 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Қалас Нұрпейісов пен Нұрлан Дәлібаев 8 жылға сотталды.

Сот үкімімен Ермұхамет Шілібаевқа пен Жанайдар Кәрменов те 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, белсенділер Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісов, сондай-ақ Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шілібаев және Жанайдар Кәрменов әуежайды басып алды деген айып тағылған.

Тілеужан мен Нұрпейісов жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды (ҚР ҚК 272 - бабының 1-бөлігі) деп айыпталса, Дәлібаев, Шілібаев және Кәрменов әуежайдың стратегиялық объектілері мен "КазАэроНавигация" РМК шабуыл жасау және басып алу кезінде зорлық-зомбылықпен, өртеумен, мүлікті қиратумен және жоюмен қатар жүрген жаппай тәртіпсіздіктерге (ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі) қатысты деген күдікке ілінді.