Алматы әкімі «Рахат» базары туралы: Заңға сәйкес барлық нәрсе жасалуы және орындалуы тиіс

Алматы әкімі «Рахат» базары туралы: Заңға сәйкес барлық нәрсе жасалуы және орындалуы тиіс
Сурет: Ашық дереккөз

Базар иелері өз мәселелерін шешу үшін қала тұрғындарын пайдаланады

Алматы әкімі Ерболат Досаев бүгін Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында «Рахат» базарында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Рахат» базары кәсіпкерінің сұрағы: 
- Өткен жылдың наурыз айында біздің жарығымызды өшіріп тастады. Біз жалдау ақысын және барлық салықтарды төлейміз. Аудан әкімі: жерді босатыңыз, ол мемлекетке тиесілі дейді. Ал біз кімбіз? Біз жарықсыз, отынсыз өмір сүреміз, көмектесіңізші.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
- Өкінішке орай, мен көмектеспеймін. Неге екенін түсіндірейін. Базар иелері сіздерді үнемі  алдарына салады: міне, сіз барыңыз, айтыңыз дейді. Бұл базар тұрған жер жалға алынған, ол қалаға қатысты, базар иелеріне оның еш қатысы жоқ. Базар иелері өз мәселелерін шешу үшін қала тұрғындарын пайдаланады.
Мұндай нашар жағдай қалада 56 базардың ешқайсысында жоқ. Мен базарда болып, жағдайды өзім көрген соң айтып отырмын. Базар иесі көп жылдан бері оған бір тиын да салмаған. Ай сайынғы жалдау ақысын сіз оның қалтасына саласыз. Ол сіз туралы ойлай ма? Шатырды жабудың орнына, ол қалтасын ойлайды. 
Базар аумағын мемлекет меншігіне беру туралы сот шешімі бар, біз сот шешімімен жұмыс істейміз, басқа жол жоқ.

Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаеваның жауабы:
- Ерболат Асқарбекұлы, мен ол жаққа бірнеше рет барып, көрші базарлардың директорларымен сөйлестім. Олардың барлығы орын берді, бағаларын айтты, кепілдіктер берді, мен онда кәсіпкерлерге не ұнамайтынын білмеймін.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
- Бизнесті жоғалтпау және жаппау үшін басқа орынға көшуге болады ғой. Көрші базарлар жеңілдік жасауға, бір жылға тұрақты жалдау бағасын белгілеуге дайын.
Мен орынбасарға тапсырма беремін, ол сізді келесі аптада қабылдайды. Тағы қандай көмек қажет, мүмкін болса көмектесемін. Бірақ тағы да қайталаймын, басқа жерге, көрші базарларға көшіңіз.