Алматы әкімі Ерболат Досаев Бекмұхаметовтар отбасына көңіл айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бекмұхаметовтар отбасына көңіл айтты
Сурет: Massaget.kz

Ақкент ықшам ауданында болған өрт кезінде қаза болған марқұмның отбасына қала басшысы Е.Досаев көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын!

Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық  алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр.

Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін.

Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін. Оның толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі», - деді Ерболат Досаев.