Пошташылардың орнына дрондар қызмет етеді

Пошташылардың орнына дрондар қызмет етеді
Сурет: Aex.ru

Мұндай жаңашылдық Ұлыбританияда қолға алынған.

Аппараттар салмағы 6 келіден аспайтын хаттар мен сәлемдемелерді жеткізеді. Әзірге бұл пилоттық жоба. Үш айға жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бәрі ойдағыдай өтсе, тұрақты түрде қызмет көрсетеді. Бастама жақтаушылары бұл өте тиімді екенін айтады. Өйткені кейде ауа райының қолайсыздығына байланысты шалғайдағы өңірлерге пошташылардың қатынауы қиындап кетеді. Дрондарды қолдану -  экологиялық жағынан да тиімді.