Алматы әкімі Аrtsport бағдарламасына қатысты жағдайға түсініктеме берді

Алматы әкімі Аrtsport бағдарламасына қатысты жағдайға түсініктеме берді
Сурет: Kt.kz

ArtSport бағдарламасының іске асырылуын талдау негізгі проблемаларды анықтауға және тиісті қорытынды жасауға көмектесті, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Қала басшысы платформаның жұмысы көп шағым тудырғанын айтты: балаларға бірнеше ваучер берілді, сабаққа қатысуды қадағалау мүмкін болмады, сабаққа қатысу туралы табельдердегі деректер оңай қолдан жасалған. Artsport-қа қатысты тексеруге Алматы әкімдігі бастамашыл болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Адамдар алданды,өйткені нақты талаптар жоқ: сенің тиісті біліктілігің,қажетті сертификаттарың бар ма, балалармен жұмыс істей аласың ба? Мұнда басты назарда тек сандар ғана болоды, қанша адам жұмыс ісчтесе, балалар саны да сонша болды. Балалар санына қарай ақша төленді. Біз бұл жағдайдан барлық  тиісті қорытынды жасадық", - деді Ерболат Досаев.  

ОКҚ брифингінде қала басшысына ArtSport бағдарламасында жұмыс істеген жаттықтырушылардың сотталғандығы туралы сұрақ қойылды. Алматы әкімі балалардың ата-аналарынан кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына бірде-бір өтініш түспегенін хабарлады. Ерболат Досаев қажет болған жағдайда және осындай фактілерді анықталған кезде отбасыларға қолдау көрсетілетініне сендірді.

Қазір тегін үйірмелер мен секцияларға жазылу DamuBala электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады. Жаңа бағдарламаны іске асыру үшін 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Платформада ата-аналар баланың қайда және қалай айналысатынын бақылай алатын және құқық қорғау органдары тиісті бақылауды жүзеге асыратын нақты және түсінікті критерийлер бар. Қазіргі уақытта 65 086 бала ваучер алды. Кезек бюджет қаражатының босауына сәйкес  жүретін болады.