Алмалы ауданындағы маршруттарға 309 жаңа автобус шығады

Алмалы ауданындағы маршруттарға 309 жаңа автобус шығады
Сурет: ашық дереккөз

Тұрғындардың тілектерін ескере отырып, әкімдік былтыр 2 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізді, 10 жаңа аялдама жабдықталды. Қыркүйекке дейін тағы 7 жаңа аялдама орнату жоспарға енген. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 

Жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында биыл Алмалы ауданының аумағынан өтетін 18 маршрутқа 309 жаңа автобус сатып алу жоспарда бар. Оның ішінде "Алматыэлектротранс" – 226 бірлік, жеке меншік тасымалдаушылар – 83 автобус сатып алмақ. №12, 30, 56, 80, 124, 59, 70, 77, 118, 32, 92, 37, 44, 99, 18, 19, 17, 13 маршруттардағы автобустар жаңартылады.