Алмалы ауданындағы 2 маршруттың бағыты өзгертілді

Алмалы ауданындағы 2 маршруттың бағыты өзгертілді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Тұрғындардың өтініші бойынша.

Бұл туралы бүнгі аудан халқымен кездесу барысында қала басшысы Е.Досаев баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен бірге биылғы тамыз айында Есенжанов пен Шәкәрім (осы жылдың 11 тамызы) Тілендиев пен Брусиловский көшелерінің арасында және Артем көшесінде (осы жылдың 30 тамызы) Брусиловскийден Тұрғыт Өзал көшесіне дейін 3 көшеде бір жақты қозғалыс енгізілді.

Жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 13 км болатын 16 көшеге орташа жөндеу жүргізілді және осы жылдың 15 қарашасына дейін тағы
2 көшедегі жөндеу жұмыстары аяқталады (Қазыбек би көшесі –8 83 м және Әйтеке би көшесі - 272м).

1,3 км тротуар желісін салудың арқасында 16 мекенжайдағы жаяу жүргіншілер өткелінің қауіпсіздігі арттырылды, сондай-ақ 8 учаскедегі 900 м тротуар жөнделді.

Биылғы жылы 6 реттелетін светофор өткелін салып (5 Байсейітов: - Қабанбай батыр, - Бөгенбай батыр, - Құрманғазы, - Шевченко, –Гоголь көшелері және Абылай хан - Әлімжанов көшесінің бойымен), қозғалыс ең көп жол бөліктері қауіпсіз етілді және қосымша 4 жаңа жаяу жүргіншілер өткелі жайластырылды.

Тұрғындардың өтініш-тілектерін ескере отырып, 2 маршруттың қозғалыс схемасына өзгерістер енгізілді, сондай-ақ жақын орналасуын қамтамасыз ету үшін әкімдік тағы 8 остановканы жайластырып, Розыбакиев көшесіндегі остановка №3 қалалық емханаға жақынырақ ауыстырылды.

Анықтама үшін: Тілендиев көшесімен Абайдан Төле би көшесіне дейінгі
№ 132 және Әуезов көшесімен Райымбектен оңтүстік бағытты қамти отырып
№ 88 маршруттар бойынша өзгерістер енгізілді.