Алмалы ауданында 13 көше бойында 19 мың м2 техникалық тротуар орнатылады

Алмалы ауданында 13 көше бойында 19 мың м2 техникалық тротуар орнатылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алмалы ауданында жайлы қалалық орта құру жұмыстары жалғасуда. Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев ӨКҚ брифингінде атап өткендей, техникалық тротуарларды жайластыру жұмыстары басталды.

Бүгінгі таңда Ганди атындағы саябақтың айналасындағы Жароков пен Жамбыл атындағы 2-ші көше бойынша жұмыстар аяқталды.   Желтоқсан, Наурызбай батыр, Құрманғазы, Шевченко, Мақатаев, Мәметова сынды 6 көшедегі жұмыстар аяқталды.

Техникалық тротуарларды салу кезінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының қажеттіліктері, тұрғындардың тілектері ескеріледі.