«ALMA CUP 2023» чемпионатының баскетболдан турнирі өтті

«ALMA CUP 2023» чемпионатының баскетболдан турнирі өтті
Almaty-akshamy.kz

21-22 қазан Алматы қаласында ЖОО студенттері арасында ерлер мен әйелдер арасында «ALMA CUP 2023» чемпионатының баскетболдан турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«ALMA CUP 2023» спорттық чемпионаты қала студенттері арасында ең танымал спорт түрлерін біріктіретін ауқымды жобалардың бірі. Жоба жастардың дене шынықтыру дайындығын және футбол, волейбол, баскетбол, киберспорт сияқты спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға бағытталған. 

Баскетболдан жүлде қоры 1 200 000 теңгені құраса, оның 600 мыңы ерлер баскетболына, 600 мыңы әйелдер баскетболына бөлінді. Баскетболдан ерлер арасындағы турнирге қаланың 16 жоғары оқу орны, әйелдер арасындағы баскетболдан 6 жоғары оқу орны қатысты. 

Баскетболдан ерлер арасындағы турнирде 1 орынды 300 мың теңге жүлде қорымен ХАТУ командасы, 2 орынды ҚазАСТ командасы 200 мың теңге, ал 3 орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы жеңіп алды, жүлде қоры 100 мың теңге.

Баскетболдан ерлер арасындағы турнирде 1 орынды 300 мың теңге жүлде қорымен ХАТУ командасы, 2 орынды Турнирдің қорытындысы бойынша әйелдер арасында 1-орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы иеленіп, 300 мың теңге ақшалай сыйлыққа, 2 орын ҚазСТА командасы 200 мың теңге жүлдемен және 3 орын 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алған Асфендияров атындағы ҚазҰМУ командасына бұйырды.