Алдағы жылы №6 Оқушылар үйі қайта жөнделеді

Алдағы жылы №6 Оқушылар үйі қайта жөнделеді
Сурет: Instagram.com

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде айтты. 

Әлеуметтік және спорттық бағыттағы объектілердің «жақын орналасуын» қамтамасыз ету үшін биылғы жылдың соңына дейін «Жас Қанат» шағын ауданында күніне 600 адамды қабылдайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, Майлин көшесі 42А («Авиатор») мекенжайында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Аяқталу мерзімі 2024 жылдың ақпан айы. Мемлекеттік сараптаманың шығу мерзімі – 2024 жылдың сәуір айы. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының  басталуы –2024 жылдың маусымы.

Сонымен қатар, қала басшысы Е.Досаев 2024 жылдың II-ші тоқсанының басынан бастап №6 Оқушылар үйін реконструкциялау туралы шешім қабылдағанын айтты.