Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Самат Құсайынов

Синоптиктер 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атап айтқанда, жаңбыр мен жабысқақ қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктер 12 қазанда батыста, солтүстік-батыста, 13 қазанда орталықта, оңтүстікте, 14 қазанда шығыста, 13-14 қазанда еліміздің оңтүстік-шығысында-қатты жауын-шашын болады деп болжады.

Республика бойынша көктайғақ, екпінді жел күтіледі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктер болжамынша, ауа температурасы шығыста түнде -3...+11 градус болса, күндіз +10...+22 градус болады.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +10...+18 градус жылы болады.

Таулы аудандарда күндіз ауа температурасы 0...+10 градус болса, түнде 0..+5 градусқа дейін төмендейді.