Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауады
Сурет: portalonline.ru

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қазақстандық синоптиктер  5-7 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Демалыс күндері циклон Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғалдың үлкен қорын әкеледі. Осыған байланысты көп өңірлерде жаңбыр жауады.

«5 наурызда батыста және елдің оңтүстік жартысында, 6 наурызда елдің солтүстік жартысы мен орталығында қар мен жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Елдің солтүстік бөлігінде бұрқасын соғады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.