Алдағы күндері ауа райы жылынады

Алдағы күндері ауа райы жылынады

20 градусқа дейін жылы болады.

«Қазгидромет» мамандары 29-31 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Наурыздың соңғы күндерінде солтүстік-батыс циклонның жырасы құбылмалы ауа райын қалыптастырады. Осылайша республиканың барлық аумағында жауын-шашынды болады.

«29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында. Ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады, жел 15-28 м/с дейін күшейеді, солтүстік пен оңтүстікте болса желдің екпіні тіптен 30 м/с дейін және одан да көп болмақ, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында бұрқасын байқалады»,- делінген синоптиктердің хабарламасында.

Ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде республиканың солтүстік жартысында минус 6 және плюс 2 градус болады. Оңтүстік жартысында ауа температурасының 5 градус суық 5 гралус жылы температура болжанады. Күндіз елдің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа температурасы 10-20 градусқа, солтүстігінде 2-8 жылуға дейін көтерілуі, шығысы мен орталығында 3-11 градус жылы болуы ықтимал.