Алдағы демалыстарда ел аумағында құбылмалы ауа райы сақталады

Алдағы демалыстарда ел аумағында құбылмалы ауа райы сақталады
Сурет: Eldala.kz

Республиканың көп бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы қалыптасады: күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады.

Жоғары атмосфералық қысым Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктеріне ықпалын сақтайды: күн ашық әрі жауын-шашынсыз. Бұл ретте, ауа температурасының жоғарылауы жалғасады. Түнде елдің көп бөлігінде 1-7 градус үсік сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болжанады.