Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?
Сурет: Massaget.kz

Синоптиктер 20-22 мамыр аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осыған байланысты көп өңірде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, оңтүстік өңірлерде бұршақ сақталады.

20 мамырда батыста, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстікте, 20-22 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде дауыл соғады.

Қазақстан бойынша температуралық фон жоғарылайды.

Түнгі уақытта солтүстік-батыс және солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.