"Канело" Головкинмен айқаста жарақат алды

"Канело" Головкинмен айқаста жарақат алды
Сурет: Ашық дереккөзі

Енді мексикалыққа операция қажет

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) қарсы үшінші жекпе-жекте сол қолын жарақаттап алды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Енді мексикалыққа операция қажет.

"Сол қолыма ота жасату керек. Тіпті ыдыс да ұстай алмаймын. Жағдай қиын, бірақ, мен жауынгермін", – деді Альварес жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында.

Трилогия бүгін Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің шешімімен жеңген болатын.