«Alatay Aqparat» медиахолдингінің ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

«Alatay Aqparat» медиахолдингінің ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Медиахолдинг ғимаратына іргелес жатқан аумақ түгелдей қоқыстан тазартылды

Birge – taza Qazaqstan республикалық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке «Alatay Aqparat» медиахолдингіне қарасты «Almaty Aqshamy» және «Вечерний Алматы» газеттері редакциясының ұжымы да қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетсек, жалпықалалық сенбілік 9 сәуір таңертең басталды. Белсенді өмірлік ұстанымымен ерекшеленетін біздің қызметкерлер де бұл акцияға белсене қатысты. Олар редакция ғимаратына іргелес жатқан аумақты тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізе отырып бар жасыл алқаптарды суарып, арам шөптерден тазартты.

Сондай-ақ жұмысшылар кеңсе мен қоймаларда жиналған қоқысты тазартты, ол жерден барлығы екі тоннадан астам қоқыс шықты.

Қалада өтетін сенбілік және абаттандыру бойынша атқарылған шаралар «Alatay Aqparat» медиахолдингінің газет беттерінде және интернет-ресурсында үнемі жарияланып отырады.