Қапшағайда жас жұбайлар өлі табылды

Қапшағайда жас жұбайлар өлі табылды
Cурет: Ашық дереккөз

Сырттай тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ

8 сәуірде Қапшағай қаласында жас жұбайлар асулы күйінде табылды. Жігіт 22 жаста, ал жас келін небәрі 18 жаста, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлі-зайыптылардың (22 жастағы жігіт пен 18 жасар қыз) мәйіттері 8 сәуірде Қапшағай қаласында қалалық жанар-жағармай бекеттерінің біріне жақын маңнан табылған. 

«Жәбірленушілер асулы тұрды. Сырттай тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ, сондықтан ерлі-зайыптылар өз-өздеріне қол жұмсауы мүмкін деп болжам жасауға болады», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Түпкілікті процессуалдық шешім сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша қабылданады.

Тергеу мүддесі үшін толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.

«Сондай-ақ, азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз. Қылмыстық заңнамада жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз», - делінген хабарламада.