Алатау ауданында 5 мыңнан астам баланы қабылдайтын Оқушылар сарайы салынып жатыр

Алатау ауданында 5 мыңнан астам баланы қабылдайтын Оқушылар сарайы салынып жатыр
Сурет: Opennews.kz

Биыл "Саялы" шағынауданында 160 орындық балабақшаның құрылысы басталды.

Оны құрылысын 2023 жылдың наурыз айында аяқтау қарастырылып отыр. Бұл жөнінде қала әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданының халқымен өткен кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазіргі уақытта "Зерделі" шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. 2023 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарда.
Балаларды сыныптан тыс оқытумен қамту көлемін одан әрі арттыру үшін қазіргі уақытта көпсалалы Инновациялық шығармашылық орталық (Оқушылар сарайы) салынуда. Оған 5 мыңнан астам бала баратын болады. Құрылысы 2023 жылдың II тоқсанында аяқталады», - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, Қарасу тұрғындарының тілектерін ескере отырып, шаһар басшысы Мәдениет үйінің ғимаратын сатып алу туралы тапсырма берді. Қажетті қаржы (483 млн. теңге) бөлінді, ғимаратты сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. 

«Жыл соңына дейін онда кемінде 10 шығармашылық және білім беру секциясын ашамыз және күн сайын 150-ге жуық бүлдіршіндеріміз осы секцияларға қатыса алады», - деді қала басшысы Ерболат Досаев.