Алатау ауданында 5 канализациялық-сорғы станциясы салынады

Алатау ауданында 5 канализациялық-сорғы станциясы салынады
kzn.ru

Қараша айында «Самғау» және «Өжет» шағын аудандарында 5 канализациялық-сорғы станциясы салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Бұған қоса, «Қарасу» және «Шаңырақ-1» шағын аудандарында жалпы ұзындығы 150 км су құбыры мен кәріз желілерін салу жұмыстары қолға алынған.

«Қарасу» шағын ауданы бойынша жұмыстарды тамыз айының соңына дейін, ал «Шаңырақ-1» шағын ауданы бойынша осы жылдың қазан айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді қала басшысы.