Түрлі иістерді иіскеу коронавирустан кейін дәм және иіс сезуді қалпына келтіреді

Түрлі иістерді иіскеу коронавирустан кейін дәм және иіс сезуді қалпына келтіреді
Сурет: 24.kz

Коронавирустан кейін жоғалған иіс және дәм сезуді қалай қалпына келтіруге болады?

Егер коронавируспен науқастанып, дәм және иіс сезуді жоғалтқан адамдар бұл қиындықты әртүрлі әтірлер мен гүлдердің иістерін иіскеу немесе дәмдеуіштерді қолдану арқылы қалпына келтіруге болады. Бұл туралы ресейлік маман Татьяна Руженцова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Иіс және дім сезуді жаттығу арқылы, яғни түрлі әтірлер мен гүлдердің иістерін иіскепғ дәмдеуіштерді қолдану арқылы қалыпқа келтіруге болады", -  деп мәлімдеді Руженцова РИА Новостиға берген сұхбатында. 

Одан бөлек, дәрігер  коронавирустан кейін иіс және дәм сезбеуді соңғы кездері түрлі дәрілік препараттар көмегімен қалпына келтіруге болады деген жиі айтылып жүргенін атап өтті. 

Алайда маман қазіргі сәтте нақты бір клиникалық зерттеулер бұған дәлел болар нәтиже көрсетпегенін айтып отыр. 

Руженцова иіс және дәм сезеушіліктің қаншалықты ұзақ уақытқа жалғасатынында айырмашылық барын айтып, толықтырды. Бұл сезімдерді қалпына кетіру үшін кей адамдарға бірнеше күн жеткілікті болса, кейбір науқастар жарты немесе бір жарым жылға дейін иіс пен дәм сезбеуі мүмкін.