Қазақ шекарашылары Қырғызстанға 500 мың долларды заңсыз әкетпек болғандарды ұстады

Қазақ шекарашылары Қырғызстанға 500 мың долларды заңсыз әкетпек болғандарды ұстады
Cурет: Ашық дереккөз

Қазір Қазақстаннан 10 000 доллардан асатын валютаны шығаруға тиым салынған

 Жамбыл облысындағы "Аухатты" бақылау-өткізу бекетінде елден 500 мың доллардан астам ақшаны заңсыз алып өтпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мамыр айының басында "Аухатты" автокөлік өткізу бекетінің шекарашылары 500 000 доллардан астам соманы заңсыз әкетуге жол бермеді", - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат пен валюта Қордай ауданындағы полиция бөліміне өткізілген.

Ведомство елде "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" қаулы қабылданғанын еске салды. Бұл құжат Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салады.