АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы ауысты

АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы ауысты
zakon.kz
"Қазақстанға жаңадан келген АҚШ-тың Алматыдағы жаңа бас консулы Мишель Еркин ханымды бірге қарсы алайық!", - деп жазды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен консулдығының Twitter-дегі парақшасында.

Мишель Еркин Йель университетін үздік  бітірген. Бұған дейін ол Панама, Қырғызстан және Ресей сияқты елдердегі АҚШ дипломатиялық миссияларында түрлі лауазымдарды атқарған. Мишель мен оның күйеуі Жомарт төрт бала тәрбиелеп отыр. Мишель орыс және испан тілдерін біледі.