АҚШ өз иесін «танитын» қару ойлап тапты

АҚШ өз иесін «танитын» қару ойлап тапты
Сурет: Ашық дереккөз

Жаңа қаруды қазан айынан бастап сата бастайды

АҚШ-та адамның бет-әлпетін анықтайтын технологиясы бар "ақылды" қару жасап шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Бірегей қару оны иесінен басқа бөтен біреулер мен балалардың қолдануын болдырмас үшін ойлап табылған. Оны адамның бет-әлпетін танитын механизммен бірге саусақ ізін анықтайтын тетікпен де іске қосуға болады. Жаңа қаруды қазан айынан бастап сата бастайды.

«Адамдар қару сатып алғанда, оны үйіне әкелудің үлкен жауапкершілік екенін жақсы түсінеді. Бірақ өзіне қауіп төне қалса, тез қолдануға мүмкіндігі болғанын қалайды. Сондықтан қаруды сейфте сақтау тиімсіз болып жатады. Біз осындай себептен мынадай қару жасап шығардық», - дейді Biofire Technologies компаниясының бас дизайнері Брайан Роджерс.